21 Сәу 2021
Материал Абай

Орталық туралы


Құрметті ата-аналар! "Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметі  2021 жыл 1 ТАМЫЗДАН бастап электронды форматқа ауысатын болады. Құжаттарды тапсыру үшін осы видеоны қарап шығыңыз!


Атырау қаласының оқушылар орталығы 2000 жылы Атырау облысы әкімінің қолдауымен көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған жанұя балалары үшін Мектептен тыс жұмыс орталығы деген атаумен ашылған.


2015 жылдан бастап мекеме атауы Атырау қаласы әкімінің қаулысы негізінде «Атырау қаласының оқушылар орталығы» болып өзгертілді. Орталық ғимаратының ірге тасы 1970 жылы балабақша ретінде 540 балаға арналып салынған.


Бүгінгі күні 13 бағыт бойынша 66 үйірмеде жалпы саны 5000-нан астам оқушы білім алады. Осы жылы Берқайыр Аманшин көшесінен филиал ашылып, аталған филиалда 9 бағытта, 18 үйірме өз жұмысын бастады. Қазіргі уақытта филиалдағы бала саны 2 кезең бойынша 500-ден асқан. Осы аз ғана уақыт ішінде аталған филиалдан әр түрлі үйірмелерге қатысатын оқушылар концерттерге, көрмелерге қатысып қана қоймай, конкурстардың да жеңімпазы атанып үлгерді. Атап айтсақ, домбыра және эстрада-вокал үйірмесінің 2 оқушысы Республикалық және 2 оқушы Алматы қаласында өткен Халықаралық конкурс байқауға қатысып жүлделі орындар иеленді. Қалалық, облыстық деңгейде 10 оқушы биіктерден көріне білді.


Қазіргі уақытта 17 филиалда үйірме жұмыстары жүргізіліп отыр. Оның ішінде мектеп базаларынан бөлек, футбол алаңы, фото-видео студиялары және дыбыс жазу студиясы да филиал ретінде ашылып, белсенді жұмыс жасауда.             Атырау-Ақпарат ғимаратынан жас журналисттер, жас радио және теле жүргізушілер үйірмесі ашылып, оқушылардың телевизия саласымен танысып, үйренулеріне үлкен мүмкіндік жасалған. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларды өнерге баулу мақсатында Облыстық арнайы мектеп-интернатымен келісім шарт жасақталып, ол жерден филиал ретінде жүн матадан әр түрлі образдағы қуыршақтарды тігу үйірмесі ашылып, жүйелі жұмыс жүргізілген.
Орталықта жалпы саны 57 педагог қызмет етеді. Оның ішінде 46 жоғары білімді, 11 орта білімді педагог бар. Сонымен бірге жоғары санатты – 9,                   

І санатты – 7, ІІ санатты – 11, санатсыз – 31 педагог болса, орталықтағы жас мамандар саны   20-ға жуық. Соған орай, әрбір жас маманға тәлімгерлер бөлінген.


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткен «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы негізінде Нұр Отан партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Асқарұлының бастамасымен қыркүйек айынан бастап орталығымызда IT сынып ашылып, оқушыларға тегін түрде білім беріп қазіргі заманғы IT бағдарламаларын жетік меңгерту көзделіп отыр.
Орталыққа кез келген мектеп жасындағы оқушы, өзі қалаған үйірмеге тегін жазылып, қатысуына мүмкіндігі бар. Үйірмелердегі сабақ түрлері де әр түрлі. Мысалы, дисскуссия, саяхат, жарыс, ойын, дебат – пікірталастар, кездесулер және т.б. Онымен қоса іс шараларда күнделікті жоспарға қойылған. Атап айтсам, тарихи-мәдени шаралар, апталықтар, теориялық семинарлар, викториналық пікір-талас, танымдық ойындар, көрмелер өткізіледі. Олардан басқа үйірмеге қатынасушы балалардың өнерін халыққа көрсету, бір жағынан жасалған жұмысқа есеп беру мақсатында қала деңгейіндегі «Күй атасы-Құрманғазы» жас күйшілер сайысы, бүкіләлемдік Экспо-2017 көрмесі қарсаңында «Балалардың ғажайып өнері» атты жас қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылса, Құрманғазы мәдениет сарайында «Кел билейік!» жас бишілер байқауы және «Жас жұлдыз» атты ән байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп отырады.


2013 жылы «Қосымша білім беру жүйесіндегі әдістемелер» тақырыбында қалалық семинар өткізілсе, 2014 жылы «Балаларға қосымша білім беру жүйесін жаңарту: инновациялар енгізу және қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. 2016 жылы «Білім беру ұйымдарының әлеуметтік-педагогикалық қызметі» тақырыбындағы республикалық біліктілік арттыру курсы өткізілді. Оған республиканың әр аймағынан педагогтар келіп қатынасып, өз білімдерін шыңдап қайтты. Осы жылы да Республикалық қосымша білім беру оқу әдістемелік орталығының тапсырмасымен 23-27 сәуір күндері «Сәндік қолданбалы өнер сабақтарында балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту» тақырыбындағы республикалық біліктілік арттыру курсы өткізу жоспарланып, бүгінгі күні дайындық жұмыстары басталды. Мақсат облысымызда қосымша білім беру саласын жандандыру, жұмыс ауқымын кеңейту, тәжірибе алмасу.


Жыл сайын 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қаламыздағы Махамбет-Исатай алаңында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып келеді. Онымен қоса, Қалалық әкімшіліктің тапсырмасымен бөліп берілген аумақта 22-Наурыз мерекесіне белсенді қатынасып келеміз.
Орталық облыстық және қалалық мәдениет басқармалары, облыстық, қалалық кітапханалар, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, қарттар үйі, саңыраулар қоғамы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, облыстық Ш.Сариев атындағы өнер мұражайы, «Ақжелкен», «Жерұйық» шығармашылық орталықтарымен тығыз байланыста жұмыс түрлерін жүргізеді.
Оған қоса, Облыстық білім беру басқармасы тапсырмасымен наурыз айында өткізілген Республикалық пәндік олимпиадаға басқа облыстардан келген қатысушы оқушыларды жетекшілерімен күтіп алу тапсырылып, орталық қызметкерлері белсенді жұмыс атқарса, алғаш рет «Қосымша білім беру педагогінің шығармашылығы» тақырыбындағы облыстық форумды өткізу, ұйымдастыру жұмыстары орталыққа жүктеліп, ол өз кезегінде жоғары дәрежеде өткізілді.